Есігімізден еніп, төрімізден орын алатын жаңа жыл қостанайлық жеткіншектер үшін кең көлемде өтіп жатыр. Білім мен шығармашылықта, спорт пен басқа да салада жетістікке жетіп жүрген өрендер мен ерекше, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер қала әкімінің шыршасында бас қосты. Әдеттегіден бөлек, басқа форматта өткен іс-шараға түсірілім тобымыз да қатысты. Кішкентай тобылдықтардың әсерін бейнеге түсіріп, мерекелік кешке куә болды.