Жылды қорытындылап, Қостанайда кәсіпкер әйелдер бас қосты. Аймақтың іскер арулары бизнесті дамыту, мемлекеттік қолдау тетіктері және жаңа мүмкіндіктерді талқылады. Кездесу барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынатын гранттар мен шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары кеңінен сөз болды.