Ыстық ықылас. Құрмет пен қошемет. Қостанайлық жанкүйерлер XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлерін қарсы алды. Жерлестерімізден құралған ұлттық ерлер командасы Токиада өткен байрақты бәсекеде топ жарып, үстел теннисінен командалық есепте қола медальге қол жеткізді. Біздің түсіру тобымыз да теміржол вокзалына арнайы барып, спортшылардың тарихи жеңісіне ортақтасып қайтты.