Міндет, абырой, ерлік! Осы ұранды ұстанатын бір топ бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Бұл жолы 30 қостанайлық азамат ҚР Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімі жауынгерлерінің қатарын толықтырады. Салтанатты шара барысында жастарға арнайы әзірленген аманат хаттар табысталып, әскери оркестер әуенімен сарбаздар сап түзеді.