Қазақстан бүгінде даму жолының жаңа белесіне қадам басып, соның ішінде мемлекеттік қызметті жаңарту ісіне айрықша көңіл бөліп отыр. Президент тапсырмасымен бірқатар маңызды реформалар ұсынылып, жүйені жетілдіруге негізделген нақты қадамдар жасалуда. Мәселен, өңірде жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту бағытында 2023 жылдан бері «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы жүзеге асырылып келеді.