«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілетуде сәтті жүзеге асып жатқан «Халық заңгері» акциясы жалғасуда. Бүкіл Қазақстан бойынша биыл 120 мыңнан астам азамат тегін құқықтық көмекке жүгінген. Ал Қостанай өңірі бойынша соңғы өткен науқанда 735 тұрғын заңгерлік кеңес алды. Акция әртүрлі сала мамандарының бір алаңда бас қосып, қабылдау жүргізгені халыққа да қолайлы екенін көрсетті.