Өлім мен өмір арасындағы арпалыс. Үш ай бұрын облыстық балалар ауруханасына Арқалықтан 3 жастағы бала жеткізілген. Тілсіз жаудың кесірінен бөбектің 40 пайыз денесін күйік шарпыған. Дәрігерлер үш айдан астам уақыт баланы ажалдан арашалау үшін барын салды. Осы кезеңде оған 15 күрделі ота жасалып, терісі бірнеше мәрте ауыстырылған. Ақ халатты абзал жандардың арқасында балақай отбасымен қайта қауышты. Аурухана тарихындағы ең күрделі ота жайында тілші тарқатсын