Егістікті әртараптандыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыра отырып, оларды өңдеуді көбейту. Биыл алдарына осындай мақсат қойған ұзынкөлдік диқандар осы межеге жетіп отыр. Жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап жатқан ауданның агрокешен саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті. Жиында бірқатар үздіктер арнайы марапатқа ие болды.