Қазіргі күні күн тәртібінен түспей тұрған, ел болашағы жастар үшін маңызды мәселенің бірі - қаржылық сауаттылық. Соңғы жылдары қаржы пирамидаларына алданып жүргендердің де, алаяқтық арқылы ақша жасайтындардың да қатары артуда. Осы орайда мемлекет алдында қарапайым халық пен жас буынның қаржылық сауаттылығын арттыру міндеті тұр. Полиция департаменті бұл ретте жүйелі шараларды іске асырып келеді. Заң сақшылары кезекті рет облыс орталығындағы колледждердің бірінде дәріс өткізді.