Жітіқара ауданы өнеркәсіптік және аграрлық тұрғыда экономикалық өсімін одан ары жалғастыруда. Биыл өлкеде кәсіпорындар 112,7 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімін өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34 пайызға жоғары. Негізгі үлес тау-кен саласына тиесілі. Хризотил-асбест пен алтын өндірісі артып отыр. Өңдеу секторында да айтарлықтай өсім бар.