Пеш жағудың да өзіндік ережелері бар. Бірақ оны бәрі бірдей ескере бермейді. Салдарынан қыс мезгілінде өрт жиілейді. Күн суытқаннан бері облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке секторлар және саяжайларда 3000 мыңға жуық үйлерге рейд жүргізген. Мамандар пеш жабдықтарының жай-күйін тексеріп, түтінге сезімтал арнайы құрылғылар орнатуды жалғастыруда.