Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер сот шешімінсіз есептен шығарылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, егер несие клиенттің рұқсатынсыз берілсе және ол биометриялық тексеруден өтпесе, онда қарызды соттан тыс тәртіпте есептен шығаруға болады. Бұл тұрғыда қылмыстық қудалау органдарына өтінім тапсыру керек. Олар несие алаяқтық жолмен берілген деп тану туралы тиісті қаулы шығарады. Алайда, бейқамдық танытуға болмайды. Қостанай облысында жыл басынан бері 1500-ден астам киберқылмыс тіркелген. Құқық қорғаушылар алдын алу шараларын жүйелі өткізіп келеді. Кезекті кездесу облыстық грек-рим күресі спорт мектебінде өтті.