Желтоқсандағы мерекелерге дайындалып жатқан қала тұрғындарына Төтенше жағдайлар басқармасы қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Әсіресе, жыл сайын жаңа жыл күндері өрт оқиғасы жиілейді. Көбі сапасыз пиротехниканың салдарынан болады. Бұл өзекті тақырып қалалық әкімдікте өткен жиында талқыланды.