Ұрпақ саулығы мен амандығы үшін қолға алынған «Ішімдіксіз ауыл» жобасын ұзынкөлдіктер қолдайды. Ауданда бір емес, бірнеше ауыл ащы судан толықтай бас тартқан. Нәтижесінде, ұрлық-қарлық тоқтап, тұрғындар үйдің есігіне құлып салуды ұмытқан. Жалпы қылмыс азайып, дау-жанжал тоқтап, тұрғындар арасындағы татулық арта түскен. Осылайша ауыл жұрты бірлесе әлеуметтік кеселге тосқауыл қоймақ.