Биыл «International Week – 2025» апталығы қайта жалғасты. Бұл жолы іс-шараның ауқымы бұрынғыдан да кеңейген. Апталыққа әлемнің ең атақты университеттерінен бір емес, 15 профессор аймаққа ат басын тіреді. Ғылым қазанында қайнаған білікті мамандар он күннің ішінде академиялық дәрежелерін теңестірмек. Әрі апталық аясында үздік жүздікке кіретін жоғары оқу орындарымен келісімшарт орнамақ.