Науырзым ауданының әлеуметтік-экономикалық даму барысы тұрақты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында баспана құрылысы қарқын алып, тарихы терең, табиғаты тамаша өлкенің бойына қан жүгіре бастаған. Биыл бірқатар инфрақұрылымдық жобалар сәтті іске асырылған. Облыс әкімі ауданға жұмыс сапары барысында атқарылған жұмыстармен танысып, тұрғындармен кездесті.