«Еңбегі жанған арулар». Қостанайда осындай атаумен іскер әйелдердің облыстық форумы өтті. Онда өңір дамуына үлес қосқан, адал ісімен көпті мойындатқан ең үздік нәзік жандылар марапатталды. Форум аясында сондай-ақ, семинар-тренинг ұйымдастырылып, қыз-келіншектер өзара тәжірибе алмасты. Игі іс-шараға іскер әйелдер қауымдастығы мен «Аманат» партиясы мұрындық болды.