Қостанайда «Жомарт жан» сыйлығының меценаттарын марапаттауға арналған салтанатты кеш өтті. Жасалған игі істерге алғыс айтылып, жүрегінің жылуын аямай бөлісіп жүрген жандарға құрмет көрсетілді. Дәстүрге айналған іс-шара биыл Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылды.