Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру – ел дамуының басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта елордада өтетін «WorldSkills-2025» кәсіби шеберлік чемпионатына дайындық пысықталды. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков арнайы қатысып, студенттермен кездесті.