Қостанайда ақсақалдар кеңесінің облыстық форумы өтті. Бұл жолғы ауқымды іс-шара «Адал азамат - ұлт келбеті» тақырыбында ұйымдастырылып, ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбие, этносаралық келісім мен қоғамдағы ынтымақтастық, бірлік мәселелері талқыланды. Жиында аймақтық ардагерлер мен ақсақалдар кеңесінің төрағалары, түрлі этнос өкілдері бас қосты.