Қостанай қаласында оқушылар бүгіннен бастап осы аптаның аяғына дейін қашықтан оқиды. Білім ордаларында тұмау мен жедел респираторлық вирустың өршіп кетуіне байланысты осындай шешім қабылданып отыр. Қала мектептерінің келесі аптада қалай жұмыс істейтіні туралы шешім осы жетінің аяғындағы жағдайға қарай қабылданады. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, жалпы білім беретін 37 мектеп онлайн оқу тәртібіне көшкен.