Бүгін- қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының туған күні. Осы атаулы күнге орай, Қостанай облыстық тарихи - өлкетану музейінде алаш зиялысына арналған көрме ашылып, көпшілікке таныстырылды. Онда ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертер сирек жәдігерлер мен тарихи құжаттар қойылған