Биыл облыста өрт қаупі маусымына дайындық аясында жалпы саны 473 адамнан тұратын 102 мобильді топ құрылды. Олардың арасында азаматтық қорғаныс, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері бар. Олар бірлесе 3 мыңнан астам рейд өткізіп, 36 мыңнан астам адамға нұсқаулық берген. Бұл жайлы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.