Соңғы ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі халықтың шамамен 40 пайызы ғана қаржылық тұрғыда сауатты саналады. Яғни әрбір екі адамның бірі жеке қаражатын басқару, қаржы өнімдерін дұрыс таңдау немесе алаяқтықтан қорғану секілді мәселелерде жеткілікті деңгейде білімді емес. Сондықтан қаржылық мәдениетті арттыру бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.