Ахмет Байтұрсынұлының қарындасынан қалған суретті бүгінде оның жиендері көз қарашығындай ерекше қастерлеп, сақтап келеді. Бұл фотосурет көпшілікке жақсы таныс. Ғаламтордан бірден табасыз. Көп жағдайда ол Ахаңның абақтыдан босаған кезіндегі бейнесі деп айтылып жүр. Бүгінгі таңда танымал суреттің түпнұсқасы рухани көсемнің жиеншары - Жанболат Бүтінбайұлының қолында. Ол Қостанайға келген сапарында осы бағалы жәдігерді журналистерге көрсетіп, суреттің тарихын егжей-тегжейлі әңгімелеп берді