Қараша айының алғашқы 10 күнінде «IKOMEK-109» қызметіне 1063 өтінім келіп түскен. Оның 646-сы түрлі сауалмен кеңес сұрап хабарласқан қала тұрғындары. Қазіргі таңда ахуалдық орталық қала инфрақұрылымын цифрлық бақылауда ұстайды. Тұрғындар өтініштері автоматты түрде сараланып, нақты мәселелер көрсетіледі.