Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы өңірде сәтті жүргізілуде. Жоба басталғаннан бері Қостанай облысында он мыңнан астам адам арнайы курстан өткен. Әсіресе, несие мерзімі 90 күннен асып кеткен азаматтарға басымдық берілген.