Бүгінде ел экономикасының қарқынды дамуына агро өнеркәсіптің тигізер ықпалы зор. Ал, онда астықты уақытылы жеткізу аса маңызды. Егін жинау науқанының басталуымен бірге «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Қостанай филиалы жергілікті өндірушілердің астығын тасымалдау ісіне белсенді түрде кірісті. Компания шикізатты жөнелту аясында тасымал логистикасын тиімді ұйымдастыру үшін қосымша қуат көздерін бөлді.