Орал қаласында Қазақстан-Ресей XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Форум «Жұмысшы мамандықтар – экономиканың өсу драйвері» атты тақырыпта ұйымдастырылды. Оған екі елдің 300-ден астам бизнес өкілдері, инвесторлар мен сарапшылар қатысты. Кездесу барысында өнеркәсіп, цифрландыру, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Форумда Қостанай облысы Қазақстанның индустриялық орталықтарының бірі, машина жасау мен ауыл шаруашылығының берік тірегі ретінде таныстырылды