Ел тұрғындарының табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері қашанда назардан тыс қалмаған. Көпбалалы отбасыларды қолдау шарлары елімізде кешенді түрде іске асып келеді. Оларға берілетін жәрдемақы жыл сайын өсіп, көрсетілер көмек түрі артқан. Көпбалалы аналарға марапат табыстау кезінде Қостанай қаласының әкімі осылай деді.