Ауыл-аймақтың дамуы – ел болашағының іргетасы. Осы мақсатта жүзеге асырылып жатқан маңызды бастамалардың бірі «Ауыл тағдыры - ұлт болашағы» атты экспедиция. Бұл бастама арқылы елді мекендердің бүгінгі тыныс-тіршілігіне, ұлттық құндылықтардың сақталуына, ауылдағы әлеумет жағдайына назар аударылып отыр. Экспедиция мүшелері аймақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс-пікірлерін жинақтайды.