Облыста «Көрнекі ақпарат» жобасы сәтті жүзеге асуда. Игі бастама мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оны кәсіпкерлік саласында қолдану деңгейін жақсартуға бағытталған. Биылдың өзінде 500-ден аса шағын және орта бизнес нысанына мониторинг жұмыстары жүргізілген. Жоба аясында атқарылған істер мәдениет басқармасында қорытындыланды.