Қазақстанда заңсыз микрокредиттік ұйымдар мен дроперлер саны артты. Олар азаматтарға жоғары пайыздық мөлшерлемемен қарыз беріп, мүлікті кепілге қойғызады немесе жеке деректерді пайдаланып қаражатты айналымға салады. 16 қыркүйектен бастап дроперлер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Полиция азаматтарды абай болуға және өз қаржылық қауіпсіздігін сақтауға шақырады.