Қостанай облысында 30 мың га егіс алқабын киік таптап кеткен. Әсіресе қатты зардап шегіп отырған – оңтүстік аудан шаруалары. Былтыр да шегіртке мен киіктен қорып жүріп, 9 центнерден өнім алған еді. Енді биыл тіпті шығынға батамыз ба деп алаңдап отыр.