Вандализм – бұл тек бұзақылық қана емес. Ол – қоғамға ортақ мәдени құндылықтар мен қоғамдық орындардың бүлінуі, тарихи мұраның жоғалуы. Соңғы жылдары ел аумағында мұндай келеңсіз жағдайлар жиілеп кеткені жасырын емес. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты «Вандализмге жол жоқ» атты республикалық акция ұйымдастырды. Бұл бастама еліміздің барлық өңірінде жалғасын табуда.