Мемлекеттік бағдарламаларды, әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыруда  қоғамдық бақылау тетіктерін нығайту қажет. Бүгін Қостанайда өткен азаматтық форумда осы тақырып талқыланды. Келелі кеңеске қоғамдық ұйым, атқарушы билік өкілдері мен Парламент депутаттары қатысты. Олар форум аясында жеке секцияларға бөлініп, өзара пікір алмасты.