Қостанайда жаңа оқу жылына дайындық қызу. Әсіресе, мектеп оқушыларын тасымалдау қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Қыркүйектен бастап ауылдық жерлерден балаларды жеткізетін 100-ден астам автобус сапарға шығады. Қазір полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтер өткізіп, көліктің техникалық жарамдылығын, соның ішінде өрт сөндіргіш пен дәрі қобдишасының бар-жоғын тексеруде.