18 тамыз – Қазақстанда жыл сайын Шекарашылар күні аталып өтіледі. Бұл – ел тәуелсіздігін қорғауда шекарашылардың еңбегіне деген құрмет пен алғыс белгісі. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік коммитеті  Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған іс-шарада бейбітшілік күзетінде тұрған сарбаздар мен офицерлер марапатталып, Отан жолында жанын құрбан еткендерге тағзым жасалды.