ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Римма Ғайсенова 80 жасқа толды. Айтулы мерейтойға орай облыстық мәдениет басқармасы арнайы іс-шаралар легін ұйымдастырды. Соның ішінде мерейтой иесіне арналған «Өнермен өрілген өмір» атты мерекелік концерт. Кездесуде ардақты тұлғаның өмір жолы мен өнерге сіңірген еңбегі кеңінен дәріптелді.