Жітіқара ауданында күн электр станциясы салынып жатыр. Мұнда жылына 3,2 мегаватқа дейін энергия өндірілмек. Бұл аймақтағы экология мәселесін тиімді шешіп, табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді, дейді жауаптылар. Елді-мекенде, сондай-ақ, әлеуметтік нысандар да жаңғыртылып, инфрақұрылым жақсарып келеді. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен облыс әкімі танысты.