Қостанайда тамыздың 22-де «Qostanai Investment Forum – 2025» форумы KIA Qazaqstan автомобиль зауытының базасында өтеді. Биылғы форумның басты тақырыбы – «AI өңірлік даму жүйесінде». Бұл форум аймақтың цифрлық трансформациясына және инновациялық дамуына серпін беріп, инвестиция тарту үшін ең ірі алаң болмақ. Шараға орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, іскер топтардың, сарапшылар мен инвестициялық қауымдастықтардың өкілдері қатысады деп күтілуде.