Биыл Қостанай облысында 492 елдімекеннің 37-не су тартылады. Солардың бірі Бейімбет Майлин ауданындағы 400-ге жуық тұрғыны бар Николаев ауылы. Биыл мұнда орталықтандырылған су жүйесі өткізіліп жатыр. Бұған дейін тұрғындар құдықтың ащы суын тұтынып келген еді.