Қостанайда облыс ұстаздарының дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Шараға өңірлік білім басқармасы мен әдістемелік орталықтың өкілдері, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер қатысты. Ұстаздардың биылғы жиыны «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына негізделді.