Тобыл өңірінен 200- ден астам азамат әскери оқу-жаттығу жиынына жөнелтілді. ҚР Қорғаныс министрлігінің түсіндіруінше, басты мақсат – әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру. Ескере кететіні, жиынға қатысушылар бұған дейін Отан алдындағы әскери борышын өтегендер.