2025- жылдың алғашқы жартыжылдығында Лисаков қаласы экономика мен әлеуметтік саланың барлық бағытында өсім көрсетті. Шағын шаһарда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бұл туралы қала әкімі Абай Ибраев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.