Өңірде онкологиялық аурулар белең алып отыр. Жыл басынан бері бұл дертпен диспансерлік есепке тұрған науқас саны 15 270 адамға жеткен. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4,88 пайызға артық, дейді сала мамандары. Жаман ауру неге дендеп барады? Дерттің алдын алуға бола ма?