Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласындағы тың технологиялар мен озық тәжірибелерді біріктіретін екі күндік маңызды жиын өтуде. Меңдіқара ауданында ұйымдастырылған «Жаңа Дала» халықаралық агрокөрмесіне 20 мемлекеттен келген жүзден астам компания қатысуда. Еліміздің ірі агроаймақтарының бірі саналатын Қостанай өңірі дала думанының ауқымын биыл бұрынғыдан да кеңейтіп отыр.