Әулиекөл ауданында заманауи сүт-тауарлы ферма салынады. Бір мың бас қара малға шақталған кәсіпорын 50-ге жуық адамды еңбекпен қамтымақ. Жоба құны 5,4 млрд теңге. Құрылыс жұмыстарына 10 гектар жер бөлінген. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында елді-мекенде тағы үш жоба қолға алынған. Олардың іске асырылу барысын аудан басшысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баяндады.