Биыл ұлт ұстазының серігі, Алаштың арда ұлы Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл. Оның есімімен байланысты әр естелік - ел тарихының алтын парағы. Қарт Торғай - Алаштың қос алыбы, Ахаң мен Жахаңның кіндік қаны тамған қасиетті мекен. Бұл топырақта ұлт мүддесі жолында жанын пида еткен ерлерге тағзым ету - бүгінгі жас ұрпақтың қасиетті борышы. Оған бір дәлел ретінде 1991- жылы жергілікті халық қаражатына ашылған Ахмет пен Міржақып музейін айтуға болады.