Биыл өңірде 1300 шақырым автожол жөндеуден өтіп, 400-ден аса ауыларалық көшеге асфальт төселеді. Бұл мақсатқа ортақ қазынадан 102 млрд теңге бөлінді. Бюджеттің өткен жылғымен салыстырғанда 40 пайызға артқанын айта кеткен жөн. Көлік қатынасын жақсартуға бағытталған жобалар облыстық әкімдікте талқыланды.